Маңғыстау облысы бойынша ҰСО филиалының сынама қабылдау және алу бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы (бұдан әрі – Филиал) сынама қабылдау және алу бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары:

Сынама қабылдау және алу бөлімінің басшысы бос лауазымына «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі бар және тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар, «Денсаулық сақтау менеджменті» ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтағаны туралы куәлігі бар, мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.

Лауазымдық міндеттері:

  • сынамаларды қабылдау және алу бөліміне басшылық етуді жүзеге асырады;
  • сынамаларды қабылдау, алу және жеткізу процестерін жедел басқаруды ұйымдастырады (құрамында патогенді микроорганизмдер болуы мүмкін сынамалармен жұмыс істеу рәсімдері), сынамаларды зертханаларға бөлуді жүргізеді;
  • сынақ хаттамаларын беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • бөлім құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;
  • бөлім қызметі бойынша талдау жүргізеді және есептер жасайды;
  • ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық режим талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • зерттеулерді орындау, оның мерзімдері және хаттамаларды беру мәселелері бойынша зертхананың басқа бөлімшелерімен өз жұмысын үйлестіреді;
  • бөлімнің жұмыс жоспарларын, іс-шараларын және есептік құжаттаманы дайындауды және оның орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • мемлекеттік зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
  • ұйым жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау және жүйелеу, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;
  • зертханалық іс бойынша ұйымның бөлімшелерінің қызметін талдау, жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйымның жұмыс нысанын және әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдау;
  • кешенді бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша деректерді жинақтауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – Конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) бар болған жағдайда ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.   

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорын бас директорының 21.11.2018 ж. №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтері).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін Ақтау қаласы, 3 б ш/а 46 ғимаратта жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 24 мамыр 2024 жылы сағ. 18.00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8(7292) 50-13-63.