Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалының санитарлық - гигиеналық зертханасының меңгерушісі бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалының (бұдан әрі – Филиал) санитарлық - гигиеналық зертханасының меңгерушісі лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады. 

Біліктілік талаптары:

1. Филиалдың санитарлық - гигиеналық зертханасының меңгерушісі бос орын лауазымына орналастыру ішкі конкурсына:

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; не "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы қызметінде тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, санитариялық – эпидемиологиялық қызметте жұмыс өтілі кемінде 3 жыл бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

2. Өз ерекшелігі бойынша филиалдың санитарлық - гигиеналық зертханасының меңгерушісі білуі тиіс:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалар, еңбек заңнамасы; Төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру; Статистика халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштер; халықтың денсаулық жағдайын бағалау критерийлері мен көрсеткіштері, зерттеудің социологиялық әдістері; физикалық факторларды зерттеу мен өлшеудің микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық әдістері; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері; санитарлық ағартуды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру

Лауазымдық міндеттері:

1. Филиалдың аудандық және қалалық бөлімшелерінің санитариялық-гигиеналық зертханаларының айлық, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық жұмыс жоспарларының орындалуы туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады.

2. Абай облысының санитариялық-гигиеналық зертханалары бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық есептерді жасайды және олардың жұмысына талдау жүргізеді.

3. Кәсіпорынның санитариялық-гигиеналық зертханаларын химиялық реактивтермен, зертханалық жабдықтармен және химиялық ыдыстармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, жұмыс журналдары мен электрондық бағдарламалардағы жазбалардың жүргізілуін бақылайды.

4. Стандарттау және метрология бойынша жұмысты ұйымдастырады.

5. Филиалдың аудандық және қалалық бөлімшелеріне әдістемелік басшылықты ұйымдастырады.

6. Зертханалық зерттеулердің жаңа әдістерін және жаңа зертханалық жабдықтарды игеру мен енгізуді ұйымдастырады.

7. Зертханаішілік бақылаудың, сапаны сыртқы бағалаудың және зертханааралық салыстырмалы сынақтардың дұрыс жүргізілуін ұйымдастырады және бақылайды.

8. Санитариялық-гигиеналық зертхана меңгерушісі Кәсіпорынның санитариялық-гигиеналық зертханасына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

9. Зертхананың қызметінің перспективалық бағыттарын айқындайды және жұмыс жоспарларын әзірлейді.

10. Зертхананың әрбір қызметкерінің нормативтік жүктемені орындауын, функционалдық міндеттерін атқаруын бақылайды және қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек тәртібін және қауіпсіздік техникасын сақтауын қамтамасыз етеді.

11. Химиялық реактивтерді, зертханалық жабдықтарды, аспаптарды, химиялық және зертханалық ыдыстарды және т.б. сатып алуға өтінімдер жасайды.

12. Зертхананың іс жүргізу жұмысына бақылау жүргізеді.

13. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және зертхананың регламенттелген жұмыс режимін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға басшылық етеді.

14. Санитариялық-гигиеналық зертхана бойынша зертханалық зерттеулер нәтижелері мен ақпараттың сенімді, сапалы және уақтылы ұсынылуын ұйымдастырады, бақылайды және қамтамасыз етеді.

15. Санитариялық-гигиеналық зертхананың қызметін аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау жұмыстарына қатысады және оларды ұйымдастырады.

16. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ биологиялық қорғаныс және биологиялық қауіпсіздік жүйесінің талаптарын сақтайды.

17. Санитариялық-гигиеналық зертхана меңгерушісі химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын (улы заттарды сақтау, сатып алу, пайдалану және тасымалдау) сақтайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңын, «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлары және олардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Заңын басшылыққа алады.

18. Санитариялық-гигиеналық зертхана меңгерушісі уақытша болмаған жағдайда, оны белгіленген тәртіппен тағайындалған санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері немесе зертхана маманы алмастырады. Бұл тұлға тиісті құқықтар мен міндеттерге ие болып, жүктелген міндеттердің тиісінше орындалуына жауапты болады.



Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу өткізу;

3) конкурс қорытындысын шығару

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00 - ден 17.30-ға дейін (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс) Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Сеченова көшесі, 9 мекен жайы бойынша жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 341412