ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ұлытау облысы бойная филиалы Құқықтық, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының бос заңгер лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру.
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Ұлытау облысы бойынша филиалы Құқықтык, кадрлық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының бос заңгер лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (заңгер) білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілімі 1 жылдан кем емес.
Лауазымдық міндеттері:
1.Филиалдың құқықтық жұмысын қамтамасыз етеді;
2.Филиал директорының бұйрығымен филиал қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласында түсіндіру және профилактикалық жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
3.Филиал басшылығы, зертхана меңгерушілері, зертхана басшылары, бөлім меңгерушілері дайындаған бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және басқа да құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық баға береді, оларға келіседі, сондай-ақ қажет болған жағдайда құжаттарды дайындау кезеңіне қатысады.
4.Филиал қызметкерлеріне қолданыстағы заңнаманы және оны қолдану тәртібін түсіндіреді, қызметкерлерге әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша құжаттарды рәсімдеуге заңгерлік көмек көрсетеді.
5.Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай -ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Филиалдың мүддесін қорғайды, талап – арыздарды дайындайды, соттарда талаптарды қолдайды және сот актілерінің шешімдерін орындайды.
6. Жалпы Филиал қызметіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге қатысады.
7.Филиал жұмысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жоспарын орындау бойынша жұмыстар жүргізеді.
8.Филиал қызметі туралы құқықтық сипаттағы есептерді ( айлық, тоқсандық, жылдық) жасайды.
9.Филиалға контрагенттер жасаған дебиторлық берешекті қайтару жұмыстарын жүргізеді.
10.Мақсаттағы аудиторияға Филиалдың құқықтық қолдауына енгізілген сұраныстарды,өтініштерді және ақпаратты дайындайды және ұсынады.
11.Филиал қызметіне жалпы және жекелеген санаттар бойынша рұқсаттар (медицианалық лицензия алу, оған қосымша филиал қызметіне рұқсаттарды рәсімдеу және тағы басқа) алады.
12.Уәкілетті органдармен бірлесіп дәрістер мен семинарлар өткізеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім;
2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (найти тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген) ұсыну;
4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландыратын көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
6) Сыбайлас жемқорлық, қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті еgоv арқылы беріледі) туралы анықтама;
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.Құжаттар пошта арқылы алынса, оларды қайтару мүмкін емес екендігін ескертеміз.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) Біліктілікті бағалау;
2) Тестілеу;
3) Сұхбат жүргізу;
4) Конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі:
Конкурсты өткізу тәртібі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірліі Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК жанындағы РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен, Басқарма төрағасының 21.09.2023 жыл № 55 хатымен («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті» РМК «Ұлттық сараптама орталығы» РМК интернет-ресурстарында орналастырылған»).
Құжаттарды қабылдау: жұмыс күндері сағат: 08:30 -дан – 13:00 -ге дейін 14:30-дан – 18:00- ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, - № 6 мекенжайы бойынша орналасқан.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 11 қыркүйек, сағат 18:00.
Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-02-41.