Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) сапа менеджменті жүйесі бойынша сектордың биоқауіпсіздігі жөніндегі маманның бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Сапа менеджменті жүйесі бойынша сектордың биологиялық қауіпсіздік жөніндегі маманы бос лауазымына орналасу конкурсына «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі бар, тиісті мамандық бойынша сертификаттау курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Лауазымдық міндеттері:
1, Қызметкерлердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтауын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, қызметкерлердің, халықтың және қоршаған ортаның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
2, Күнделікті кезеңде, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезеңінде биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау саласында мамандандырылған көмекті қамтамасыз етеді.
3, Биоқауіпсіздік және биоқорғау мәселелері бойынша персоналға нұсқау және оқыту жүргізеді, оларды өзге ұйымдарда оқыту қажеттілігін айқындайды.
4, Медициналық зертханаларға тәуекелдер тізілімін сәйкестендіреді, әзірлейді, енгізеді, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды жақсартады және насихаттайды.
5, Патогенді биологиялық агенттері бар биологиялық материалдарды, сондай-ақ зертханаларда пайдаланылатын және/немесе сақталатын токсиндерді, химиялық реагенттерді түгендеуге қатысады.
6, Биологиялық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлейді, бағдарламаның орындалуын консультация береді және бақылайды.
7, Жабдықты енгізу және пайдалану кезінде биологиялық қауіпсіздікті ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, биологиялық қауіпсіздік тұрғысынан жабдықтың техникалық ерекшелігін дайындау кезінде консультация беруді жүзеге асырады, микробиологиялық жұмыстың тиісті әдістері мен рәсімдерінің орындалуын бақылайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат қолма-қол немесе курьерлік поштамен мынадай құжаттарды:
1) Конкурс қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (Кәсіпорынның сайтында, соңғы бетіндегі «бос орындар» бөлімінде орналастырылған);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (egov арқылы беріледі).
7) Конкурс қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түйіндеме (Кәсіпорынның сайтында, соңғы бетіндегі «бос жұмыс орындары» бөлімінде орналастырылған).
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта алған жағдайда олар қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары және т.б.) ұсынады.
Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындыларын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н.Назарбаева данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 14 қыркүйек, сағат 18.00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61