Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Филиал) биоқауіпсіздік бойынша маманы сапа менеджментті жүйесі бойынша секторының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, патогендік биологиялық агенттерімен техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының болуымен "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім.
*Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Қызметтік міндеттері:
Сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің маманы:
Сынамаларды қабылдау, тіркеу, алу және зертханаларға сынамаларды жеткізу және тарату (құрамында патогенді микроорганизмдер болуы мүмкін сыналармен жұмыс істеу рәсімі), сондай-ақ зерттеу нәтижелерін беру процестерін жүзеге асырады.
Халықтан биоматериалдарды алуды және қабылдауды жүргізеді.
Сынамалар сәйкестендіру және олардың сапасын, салмағының сәйкестігін және сынақ жүргізу үшін сынақ санын тексеру жүргізіледі.
Құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) әңгімелесу өткізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару;
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Өскемен қаласы, Н. Назарбаев данғылы, 17 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жыл 14 қыркүйек, сағат 18.00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(7232) 76-78-61