Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы (бұдан әрі – Филиал) Тайынша аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының лаборанты бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
1. Филиалдың Тайынша аудандық бөлімшесінің санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының лаборанты бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа «Гигиена және эпидемиология» немесе «Зертханалық диагностика» немесе «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» кадрларын даярлау бағыттары бойынша техникалық және кәсіптік білімі, денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогенді биологиялық агенттердің I және (немесе) II патогенділік тобына жататындарымен жұмыс істеуді жүзеге асыратын лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсының куәлігі және биологиялық қауіпсіздік саласында біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы талап етіледі.
2. Санитариялық-гигиеналық зерттеулер зертханасының лаборанты өз қызметінің ерекшелігі бойынша мыналарды білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін;
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін;
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын»;
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздерін;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп пен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері:
1. Қоршаған орта объектілеріндегі ЭМӨ және басқа да физикалық факторларға өлшеу жүргізеді, зерттеулер номенклатурасына сәйкес суды, топырақты, дезинфекциялау құралдарын, тамақ өнімдерін, атмосфералық ауаны, жұмыс аймағының ауасын және жабық үй-жайлардағы ауаны зерттейді.
2. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, тұрғын үй құрылысы аумағында, құрылысқа жер учаскелерін бөлген кезде, қоршаған орта объектілерінде дозиметриялық, радиологиялық өлшеулер жүргізеді және радиациялық жағдайды бағалайды.
3. Тұрғын үй құрылысы аумағында радонның және оның ыдырау өнімдерінің (РДӨ) ағынының тығыздығын анықтау бойынша радиометриялық зерттеулер жүргізеді, тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы радон мен оның ыдырау өнімдерінің концентрация деңгейін, судағы радон мен оның ыдырау өнімдерін өлшейді.
4. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, тұрғын үй құрылысы аумағында, құрылысқа жер учаскелерін бөлген кезде, қоршаған орта объектілерінде дозиметриялық, радиологиялық өлшеулер жүргізеді және радиациялық жағдайды бағалайды.
5. Тұрғын үй құрылысы аумағында радонның және оның ыдырау өнімдерінің ағынының тығыздығын анықтау бойынша радиометриялық зерттеулер жүргізеді, тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы радон мен оның ыдырау өнімдерінің концентрация деңгейін, судағы радон мен оның ыдырау өнімдерін өлшейді.
6. Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады, қажетті дайындық және қосалқы операцияларды жүзеге асырады, бақылау жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, талдаулар мен өлшеулердің нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді.
7. Зерттеулердің нәтижелері үшін жеке жауапкершілік атқарады.
8. Аудандық бөлімше бастығымен, зертхана маманымен, СҚО ДСЭК мамандарымен бірлесіп жұмысты жоспарлауға қатысады.
9. Маманмен бірлесіп зерттеулердің жаңа әдістерін, жаңа аспаптарды меңгереді. Пайдалану кезеңінде аспаптардың сақталуын қадағалайды.
10. Қажетті есепке алу құжаттамасын жүргізеді.
11. Зертханалық жабдықтардың жарамды күйін қадағалайды, аспаптарды салыстырып тексеруге және калибрлеуге дайындайды.
12. Өз біліктілігін арттырады, конференцияларға, семинарларға қатысады. Қызметті талдауға, есептер жасауға, жабдықтарды, аспаптарды, реактивтерді және т.б. сатып алуға өтінімдер жасауға қатысады.
13. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жұмыстарына қатысады, төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыруды білуге тиіс.
14. Қоймадан аспаптарды, реактивтерді және зертханалық ыдыстарды алуды жүзеге асырады, зертханалық мүлікті түгендеуге қатысады.
15. Лаборант қоршаған орта объектілеріне санитариялық-гигиеналық бақылау жүргізу мәселелері бойынша ҚР ДСМ СЭБК СҚО бойынша «ҰСО» ШЖҚ РМК филиалының барлық құрылымдық бөлімшелерімен, Филиалдың санитариялық-гигиеналық зертханасының меңгерушісімен, Филиалдың радиологиялық зертханасының меңгерушісімен, зертхана маманымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынады:
1) Конкурс қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (кәсіпорынның сайтында, «Бос жұмыс орындары» бөлімінде соңғы бетте орналастырылған);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете отырып, кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ;
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама (eGov арқылы беріледі);
7) Конкурс қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түйіндеме (кәсіпорынның сайтында, «Бос жұмыс орындары» бөлімінде соңғы бетте орналастырылған).
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттар курьерлік пошта арқылы алынған жағдайда, қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушы болған жағдайда өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін, кәсіби деңгейін растайтын құжаттарды (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелер мен атақтардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсынымдары және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалауы;
2) әңгімелесу өткізу;
3) конкурс қорытындыларын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК бос лауазымдарға қызметкерлерді конкурстық іріктеу қағидаларымен реттеледі. Аталған қағидалар «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №55 сырттай отырысының шешімімен бекітілген, оған Басқарманың 01.04.2024 ж. №13 шешімімен және Басқарманың 11.04.2025 ж. №23 хаттамасымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Қағидалар ҚР ДСМ СЭБК СҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) мына мекенжай бойынша жүргізіледі:
Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Н. Назарбаев көшесі, 236.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 15 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін.
Анықтама үшін телефон: 8-777-417-29-47.