Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ұлытау облысы бойынша филиалының сынама қабылдау және алу бөлімінің маманы бос лауазымына орналастыыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ұлытау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) сынама қабылдау және алу бөлімінің маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.


Біліктілік талаптары:

Сынама қабылдау және алу бөлімінің маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

I және (немесе) II патогендік топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жүзеге асырылатын лауазымдар үшін патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

Лауазымдық міндеттері:

      Ай сайынғы жоспарға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардан ақылы негізде және объектілерге (өнім қауіпсіздігінің мониторингі бойынша, Тапсырыс берушінің шарты бойынша жеке тұлға және өндірістік бақылау бойынша) ҚҚ-ны сақтай отырып, сынамаларды қабылдау мен іріктеудің барлық процестерін жүзеге асыру, құжаттарды тексеру, келіп түскен сынамаларды журналға тіркеу, сәйкестендіру нөмірін беру, оларды сынақ орталығының зертханалары бойынша бөлу және сынақ хаттамаларын беру.

Сынамаларды іріктеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен регламенттелген саны мен көлеміндегі талаптарға сәйкес сынамалардың үлгілерін зертханаға жеткізу, сынамаларға қойылатын талаптар, НҚ бойынша.

Тапсырыс берушінің сынақ хаттамаларын беру.

Сынамаларды қабылдау және іріктеу бөлімінің барлық процестері бойынша журналдарда барлық жазбаларды уақтылы және белгіленген тәртіппен жүргізу.

Зерттеулерді таңдауға, зертханалық қызметтерді пайдалануға және зерттеу нәтижелерін түсіндіруге қатысты ақылы қызметтер бойынша тапсырыс берушілерге консультациялық көмек көрсету.

Олардың өмірі мен еңбегі үшін қауіпсіз және салауатты жағдай жасауды қамтамасыз ету, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдау.

Филиал иесі болып табылатын құпия ақпаратты жария етпеу және оның келісімінсіз бұл ақпаратты жеке мақсатта пайдаланбауы.

Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету.

Бөлімде ағымдағы жұмысты жүзеге асыру (сұрауларға, қоңырауларға жауап беру, ағымдағы құжаттамаға қол қою және тағы басқалар).

Егер ауыстыру қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, бөлім қызметкерлерінің өзара алмастырылуын қамтамасыз ету.

БЖКБ бағдарламасын уақтылы және дұрыс енгізуге (зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша қызметтердің орындалған көлемі бойынша деректер) бақылау жасайды және жауапты болады.

Құзыреті шегінде емдеу - профилактикалық мекемелерге, ведомстволық зертханаларға, сондай - ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органының мамандарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.

Семинарларға, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға баяндамалар мен сөз сөйлеулерге қатысу.

Еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

Филиал сынамаларын қабылдау және іріктеу бөлімі бастығының тапсырмаларын бағыныстылықты сақтауға және мүлтіксіз орындауға міндетті.

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау

Білуі тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы;

      Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;

     Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері бойынша нормативтік құжаттар;

      Зертханалық зерттеу жүргізудің жалпы қағидаттары, зертханалық диагностиканың қазіргі заманғы әдістері.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.


Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.


Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері: сағат: 08:30 -дан – 13:00 -ге дейін 14:30-дан 18:00- ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, - № 6 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 04 қараша, сағат 18:00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-02-41.