Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының вирусологиялық зертхананың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) вирусологиялық зертхананың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.


Біліктілік талаптары:

Вирусологиялық зертхананың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналастыру конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімнің немесе жоғарғы медицина білімнің болуы санитариялық-эпидемиологиялық бейін бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.

Лауазымдық міндеттері:

1) өзінің лауазымдық міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша директор мен зертхана меңгерушісінің тапсырмаларын орындайды;

2) зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу барысында зертханалық талдауларды, сынақтар мен өлшеулерді жүзеге асырады;

3) сынамаларды іріктеу кезеңінен бастап тікелей зерттеу жүргізуге дейінгі барлық кезеңдерде заманауи талаптарға сәйкес зерттеулерді белгіленген мерзімде уақтылы әрі білікті түрде жүргізеді және нәтижелердегі деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді;

4) полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен рибонуклеин қышқылын (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылын (ДНҚ) анықтау бойынша зерттеулер жүргізеді, атап айтқанда: тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ), SARS-CoV-2, ішек инфекциялары тобы (энтеровирустар, рота-, астро-, норовирустар), А, В, С, D вирустық гепатиттері бойынша, сондай-ақ жануарлар ДНҚ-сын сәйкестендіру және генетикалық түрлендірілген организмдерді (ГТО) анықтау бойынша зерттеулер жүргізеді;

5) қызылша, қызамық, А, В, С вирустық гепатиттері және ротавирустар бойынша иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісімен серологиялық зерттеулер жүргізеді;

6) вирусологиялық зерттеулер жүргізеді:

жасуша дақылдарын (RD, L20B, Hep-2, MDCK) өсіру және күтіп-баптау;

полиомиелит вирустарын қоса алғанда, энтеровирустар штамдарын бөліп алу және сәйкестендіру, полиовирусқа қарсы бейтараптандырушы антиденелер титрін анықтау үшін бейтараптандыру реакциясын жүргізу;

MDCK жасуша дақылында А/В тұмау вирусының штамдарын бөліп алу;

7) зертханаға келіп түскен кезде иммуноферменттік талдау және полимеразды тізбекті реакция жүргізуге арналған реагенттер жиынтықтарының әрбір партиясына верификация жүргізеді;

8) орындалған қызметтер көлемі және жүргізілген зертханалық зерттеулер туралы деректерді Бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету кешеніне уақтылы әрі дұрыс енгізеді;

9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға қатаң сәйкес хаттамаларды бақылап, ресімдейді. Сынақ хаттамаларын толтыру кезінде барлық бағандарды қазақ және орыс тілдерінде толтырады және нормативтік құжаттамада белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, сынақ хаттамаларын береді;

10) Ilisari.kz бағдарламасы бойынша ЖРВИ және тұмау аурушаңдығына қатысты апта сайынғы мониторинг деректерін уақтылы әрі дұрыс енгізеді;

11) материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады, қажетті дайындық және қосалқы зерттеулерді жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, талдаулар мен өлшеулер нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді;

12) есептік-медициналық құжаттаманы жүргізеді;

13) айлық, тоқсандық және жылдық есептерді, сондай-ақ эпидемияға қарсы іс-шаралардың перспективалық жоспарларын жасайды;

14) СТ РК ISO 15189-2015, ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес жүргізілген ішкі аудит барысында анықталған сәйкессіздіктер бойынша есептер мен түзету іс-шараларының жоспарларын әзірлейді;

15) құзыреттілікті бағалауды жүргізеді;

16) іс қағаздарын қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді;

17) зертханааралық салыстырмалы сынақтар мен сапаны сырттай бағалау шеңберінде зерттеулер жүргізеді. Зертханада орындалатын талдаулар, өлшеулер мен сынақтар нәтижелерінің дұрыстығын үйлестіреді және тексереді;

18) патогенділіктің II, III және IV топтарына жататын микроорганизмдермен жұмыс істеу кезінде эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтайды;

19) патогенділіктің II, III және IV топтарына жататын вирустарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығына» және Кәсіпорын филиалының Астана қаласындағы аймақтық вирусологиялық зертханасына тасымалдау үшін оларды буып-түю мен дайындауды бақылауды жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 178-НҚ «Зертханалық зерттеулер мен өлшемдердің сапасын сырттай бағалаудың ұлттық бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алады;

20) зертхана меңгерушісінің тапсырмасы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен зерттеулердің дәлдігіне ішкі бақылау жүргізеді;

21) зертханалық жабдықтардың жарамды күйде болуын қадағалайды, зерттеулер жүргізуге қажетті реактивтер мен қоректік орталарды дайындайды;

22) өлшем құралдары мен сынақ жабдықтарын уақтылы салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

23) зертханада сапа менеджменті жүйесін дамытуға жәрдемдеседі;

24) жұмыс әдістерін жетілдіру және зертханадағы кемшіліктерді жою жолдары бойынша басшылықтың қарауына ұсыныстар енгізеді;

25) өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады;

26) денсаулық сақтау ұйымдарымен және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің департаменттерімен бірлесіп, вирустық инфекциялар бойынша семинарларға қатысады. Вирустық инфекцияларға зерттеу жүргізу үшін инфекциялық материалды алу және сынамаларды зертханаға жеткізу тәртібі бойынша нұсқама жүргізеді;

27) дәрілік заттар мен жабдықтарды сатып алуға арналған тауарлық-материалдық құндылықтарға өтінімдерді, баға ұсыныстарын және техникалық ерекшеліктерді уақтылы ұсынады;

28) вирусологиялық зерттеулер жүргізуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ай сайынғы есептен шығарылуын және келіп түскен тауарлармен салыстырып тексерілуін жүргізеді;

29) зертхана меңгерушісімен, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі маманмен және сапа менеджерімен бірлесіп, вирусологиялық зертханадағы биологиялық тәуекелдерге тұрақты мониторинг жүргізеді;

30) Филиалға тиесілі құпия ақпаратты жария етпейді және Филиалдың келісімінсіз бұл ақпаратты жеке мақсаттарында пайдаланбайды;

31) Филиалда белгіленген ішкі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінің, биологиялық қорғаныс пен биологиялық қауіпсіздіктің, ақпараттық қауіпсіздіктің, зертхананың жұмыс режимінің және еңбек тәртібінің талаптарын сақтайды;

32) өзінің мамандығы бойынша білімін жүйелі түрде жетілдіреді;

33) медициналық этика қағидаттары мен жалпы моральдық-этикалық нормаларды сақтайды;

34) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтайды және өзі тарапынан, сондай-ақ өзіне бағынысты тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу шараларын қабылдайды;

35) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ Кәсіпорынның ішкі құжаттарында көзделген нормалар мен талаптарды сақтайды.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.


Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) сұхбаттасу жүргізу;

3) конкурс қорытындысын шығару.


Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 236 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттар қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 4 желтоқсан, сағат 18.00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8(7152) 41-11-98; 8 777 417 29 47