Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) аса қауіпті инфекциялар зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Аса қауіпті инфекциялар зертханасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі дәрігері бос лауазымына орналастыру конкурсына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімнің немесе жоғарғы медицина білімнің болуы санитариялық-эпидемиологиялық бейін бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
Лауазымдық міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасын, Кәсіпорынның қызметін және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады;
2) зертхана меңгерушісінің басшылығымен жұмыс істейді, ал ол болмаған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқарады;
3) статистикалық есеп жүргізеді, айлық және тоқсандық есептерді жасайды, зерттелген сынамалар туралы деректерді тарифтеу бағдарламасына және Бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету кешеніне күнделікті енгізуді жүзеге асырады;
4) аса қауіпті жұқпалар бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
5) аудандық бөлімшелерге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
6) зертхана қызметкерлерінің жұмысын, диагностикалық зертханалық рәсімдердің дұрыс жүргізілуін, құрал-саймандарды, аппаратуралар мен жабдықтарды пайдалану тәртібін, реактивтерді ұтымды пайдалануды бақылайды, әдістемелік көмек көрсетеді;
7) биологиялық қауіпсіздіктің жаңа стандарттарының пайда болуын, Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін, биологиялық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің күшіне енуін тұрақты түрде қадағалайды және осы ақпаратты барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді;
8) аса қауіпті жұқпалар (бұдан әрі – АҚЖ) бойынша ақпаратты тікелей басшыға, АҚЖ бөліміне және жоғары тұрған органдарға дайындайды және ұсынады;
9) АҚЖ бөлімінің дәрігер-эпидемиологтарымен бірлесіп, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде зертханалық зерттеулер жүргізу үшін эпидемиялық ошақтарға шығады;
10) аса қауіпті жұқпалардың табиғи ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша жыл сайынғы кешенді жұмыс жоспарларын жасауға қатысады;
11) патогенділіктің II–III топтарына жататын патогенді биологиялық агенттер (бұдан әрі – ПБА) бойынша деректерді жинауға және өңдеуге қатысады;
12) емдеу желісінің мамандарына АҚЖ диагностикасы, олардың профилактикасы және ПБА-мен жұмыс істеу мәселелері бойынша консультациялар, нұсқамалар мен тренингтер өткізеді;
13) айлық, тоқсандық және жылдық есептерді жасауға, АҚЖ диагностикасы бойынша зертханалар қызметіне талдау дайындауға, алқа отырыстарына арналған материалдарды әзірлеуге қатысады;
14) заманауи зертханалық және аспаптық әдістерді қолдана отырып, сынамаларды зерттейді, нәтижелерді нормативтік құжаттарға сәйкес жүйелейді және ресімдейді;
15) зертханада бөлініп алынған микроорганизмдер штамдары мен дақылдары бойынша құжаттаманы ресімдейді;
16) диагностика жүргізудің жаңа технологиялары мен әдістері бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізеді, заманауи зерттеу әдістерін сынақтан өткізеді және тәжірибеге енгізеді;
17) зертханалық жабдықтардың жарамдылығын бақылайды, оларды тексереді және реттейді, реактивтердің, қоректік орталардың және зертханалық ыдыстардың дұрыс пайдаланылуын қадағалайды;
18) бактериологиялық, биологиялық, серологиялық (оның ішінде иммуноферменттік талдау – ИФТ) және молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізеді және олардың нәтижелерін береді;
19) материалдарды қоректік орталарға себуді және қайта себуді жүргізеді, микроорганизмдердің биохимиялық және морфологиялық қасиеттерін, иммундық сарысулармен агглютинациялану қабілетін зерттейді, фаготиптеуді жүзеге асырады;
20) сапаны сырттай бағалау (ССБ) шеңберінде зерттеулер және зертханааралық салыстырмалы сынақтар (ЗСТ) жүргізеді;
21) диагностикумдардың белсенділігін бақылайды, серологиялық талдаулар қою үшін олардың жұмыс сұйылтуларын дайындайды, реакциялар нәтижелерін есепке алады;
22) қоректік орталардың сапалық және сандық бақылаудан өткізілуін бақылайды, калий теллуритінің тежегіш дозаларын және антиденелерді бейтараптандыру реакциясы (АБР) үшін гемагглютинациялаушы бірліктерді (ГБ) анықтайды;
23) зертханаішілік бақылауды жүзеге асырады: зертханалық ыдыстардың стерильдігін, бокстар ауасының стерильдігін және персоналдың санитариялық-гигиеналық режимді сақтауын бақылайды;
24) құжаттаманы жүргізеді: тіркеу және жұмыс журналдарын толтырады, талдау хаттамаларын ресімдейді;
25) зертханалық зерттеулерді жүргізудің преаналитикалық, аналитикалық және постаналитикалық кезеңдерін бақылайды;
26) АҚЖ бойынша молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізеді: материалдан ДНҚ (РНҚ) бөліп алуды жүзеге асырады, амплификаторды бағдарламалайды және амплификация өнімдерін детекциялайды, ПТР нәтижелерін есепке алады және талдау хаттамаларын ресімдейді;
27) зертханашымен және препаратор-санитармен бірге жануарлардың өлекселерін жарып союды, зертханалық және жабайы жануарлардан материал алуды жүргізеді, биологиялық сынамаға арналған жануарларды жұқтырады және тәжірибелік жануарларға бақылау жүргізеді;
28) биологиялық агенттерді индикациялау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге, АҚЖ ошақтарын жою жөніндегі іс-шараларды пысықтау мақсатында штабтық оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
29) аумақтық орталықтардың дәрігерлері мен зертханашыларын АҚЖ -ді зертханалық диагностикалау бойынша даярлауға қатысады;
30) халық арасында АҚЖ профилактикасы бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді;
31) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, биологиялық қорғаныс пен биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмысты басқарады және зертхананың белгіленген жұмыс режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
32) ұйым басшылығымен және ұйым бөлімшелерімен бірлесіп, ұйымның биологиялық қауіпсіздік бағдарламасының орындалуын бақылайды;
33) АҚЖ зертханасы үшін биологиялық тәуекелдерді басқару бағдарламасын әзірлейді, енгізеді және үйлестіреді;
34) филиал директорының орынбасарымен және сапа менеджерімен бірлесіп, биологиялық қорғанысты күшейту жөніндегі шараларды әзірлейді;
35) персоналдың ұйым стандарттарын және биологиялық қауіпсіздік талаптары мен оларды сақтау және қамтамасыз ету шараларын реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарды орындауын бақылайды;
36) зертхана жағдайында биологиялық агенттермен белгілі бір жұмыстарды орындау мүмкіндігіне қатысты биологиялық тәуекелдерге алдын ала бағалау жүргізеді;
37) зертханадағы биологиялық тәуекелдерге тұрақты мониторинг жүргізеді, мониторинг нәтижелері бойынша ұйым басшысына ұсыну үшін есеп дайындайды;
38) инспекциялық тексерулер нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер мен оларды жою жөніндегі шаралар кешенін көрсете отырып, ұйым басшысына ұсыну үшін тұрақты түрде есеп жасайды;
39) филиалда белгіленген ішкі еңбек тәртібінің, қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінің, биологиялық қорғаныс пен биологиялық қауіпсіздіктің, ақпараттық қауіпсіздіктің, зертхананың регламенттелген жұмыс режимінің және еңбек тәртібінің талаптарын сақтайды;
40) өзінің мамандығы бойынша білімін жүйелі түрде жетілдіреді;
41) медициналық этика талаптары мен жалпы моральдық-этикалық нормаларды сақтайды;
42) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтайды және өзі тарапынан, сондай-ақ өзіне бағынысты тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу шараларын қабылдайды;
43) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ Кәсіпорынның ішкі құжаттарында көзделген нормалар мен талаптарды сақтайды.
.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу жүргізу;
3) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Петропавл қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 236 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттар қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 04 желтоқсан, сағат 18.00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 8(7152) 41-11-98; 8 777 417 29 47