Байшыбаева Райгуль Абылхановна

Лауазымы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиал басқарушысы

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: Қарағанды мемлекеттік медицина институты – мамандығы гигиена, санитария және эпидемиология, гигиенист-эпидемиолог біліктілігі берілген. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» циклы. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру». «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бірінші санат.

Соңғы қызметі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиал басқарушысы

Еңбек өтілі:

1991 ж. ШҚО СЭС санитарлық-гигиеналық зертхана;

1995 ж. Токсикологиялық бөлімше – санитарлық-гигиеналық зертхананың токсикология бөлімі меңгерушісі;

2000 ж. Санитарлық-гигиеналық зертхана – меңгеруші м.а.;

2003 ж. «ШҚО СЭСО» - директордың орынбасары;

2015 ж. ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК – филиал директорының м.а.