Көмірді сатып аларда оның сапасына көз жеткізіңіз
Покупая уголь, убедитесь в его качестве 27.08.2019

Қатты отын түрі ретінде көмір адамзатқа көптеген ғасырдан бері мәлім – оны тұрмыстық жағдайда, сонымен қоса аса ірі өндірістерде қолданады.

Осы кездері көмір жылу көзі ретінде тұрмыс-тіршілікте қолданумен қатар электр энергиясын өндіру үшін де қолданады.

Қостанай облысының халқы мен көптеген кәсіпорындары тарапынан жыл сайын жүздеген мың тонна көмір жағылады, солай бола тұра пайдаланатын көмірдің сапасы төленген баға құнына сайма оны көпшілік біле бермейді. Өнім тұтынушылар көмірді сатып аларда мүмкіндігінше мыналарды білуі қажет?

Көмір сапасына қатысты есте сақтар ең аса маңызды көрсеткіштерге мыналар жатады: жану жылулығы (калориялығы), күлдің, ылғалдығы мен ауаға ұшатын  заттардың шығуы.

Жану жылулығы – көмірдің маңызды сипаты болып табылады. Көмірдің жылу көрсеткіші бір килограмм отынды жағу кезінде алынатын жылу көлемі мен сол көмірдің құрамына байланысты болады.

Көміртегі мен сутегі ең жоғары калориялық көрсеткішке ие. Олар көмір құрамында неғұрлым көп болса, соғұрлым көмір калориялы және сапалы болып табылады. Ең жоғары колориялы көмір - ол антрацит, оның құрамында көміртегі көп болады. Қоңыр көмірде көміртегі аз және ауаға ұшатын заттары көп болады, ол дегеніміз тас көмірге қарағанда калориясы төмен деп саналады.

Күл шығымы – көмірдің құрамына жану элементтерімен қоса ылғал, минералды заттар кіреді, олар жанған кезде күлді құрайды. Егерде минералдық қосылыстар көп болса, көмірді жағу кезінде соншалықты көп күл жиналатын болады.

Ең күлі аз өнімі ол антрацит. Тас және қоңыр көмір әр түрлі күл шығымы болады, негізінен қоңыр көмірдің күл шығымы көп болады. Тұтынушы жоғары пайыздық күл шығымы көрсеткіші бар көмірді сатып алғанда, өнім тұтынушы жанбайтын көмір қатпарына да ақша төлеп шығынданады, пайдаланатын жабдықта тез бұзылады, себебі қазандықтардың жылыту бет қабатына қақ жиналады және абразивті тозуы жылдам жүретін болады.

Ылғал – көмірдің құрамында қанша ылғал бар екендігін білу де артық болмайды. Бұл ретте көмірдің тас бөліктері мен қиыршық тастарының беткі қабатындағы су емес, көмірдің ішкі құрамындағы су айтылады. Көмірдің құрамындағы су артық салмақ болып қана қоймай, ол жану жылулығы  көрсеткішін төмендетеді, бұл дегеніміз ылғалдың буланып шығуына қосымша шығындарды қажет етеді. Сондықтан да көмір құрамында ылғал аз болса, соншалықты жану жылулығы жақсы болады.

Ауаға ұшатын заттардың шығымы  -  соңғы көрсеткішке келер болсақ олда ас маңызды, себебі пайдалану үдерісі кезінде көмірдің жану кезінде құбылу ерекшелігін көрсетеді. Көмірдің жану көлемінің құрамында ауаға ұшатын заттардың көп болуы тұтануға қажетті температураны азайтып қана қоймай, солай бола тұра жану жылулы көрсеткішін де төмендетеді.

Осы күнге дейін ұзақ уақыт бойы тапсырыс беруші тарап өзінің сатып алатын көмірінің сапасын тексеруге мүмкіндігі болған жоқ, себебі Қостанай облысында көмірдің сапасын тексеруге болатын зертханалар болған жоқ. Қазіргі уақытта көмір сапасын тексеруге мүмкіндік бар.

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша Филиалы тарапынан қатты отын сапасын  зерттеуге арналған бірегей жабдық сатып алынды. Зертхана осы жабдық арқылы көмірге төрт көрсеткіш бойынша анализ жасауға мүмкіндігі бар: олар көмірдің жану жылулығын, күл шығымын, ылғалдығын, ауаға ұшатын заттарын анықтау болып табылады. Бұл тұтынушы тарапына сапалы көрсеткіштері бар отын жеткізушілерді таңдаумен қатар, ақшалай қаражаттын ұтымды жұмсауға мүмкіндік береді.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК

«Ұлттық сараптама орталығы»

ШЖҚ РМК

Қостанай облысы

бойынша филиалының

Директоры

Құрамысова С.