Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалы «Қауіпсіз өнімді таңда» акциясын өткізді, іс-шара барысында мамандар 200-ден астам жеміс-жидек, көкөніс, шетелдік және отандық бақша өнімдерін тексерді.
Экспресс-зертханалық зерттеулер барысында ҰСО мамандары 19 үлгіде нитраттар көрсеткішінің жоғары екендігін анықтады. Талаптарға сай келмейтін өнімдер тізбесіне: жүзім, қызыл пияз, алмұрт, ақ пияз, қарбыз, банан, жасыл шабдалы, киви, қара өрік, жүзім, қара жүзім, қызыл жүзім, қауын, анар, ананас кірді.
Естеріңізге сала кетейік, нитраттар құрамының шамадан тыс артуы бүкіл ағзаға кері әсер етеді (ұйқышылдық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, бас ауруы). Сондай-ақ нитраттардың улы әсері бауырға, бүйрекке, жүрекке, қалқанша безге теріс әсер етеді және асқазан-ішек жолында қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін арттырады.
«Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы республиканың барлық аймақтарында ай сайын өткізіледі.
«Қауіпсіз өнімді таңда» акциясы Қарағанды қ. Құрамында нитрат көрсеткіші жоғары жеміс-жидектер және көкөніс тізбесі |
||
Өнімдер |
Нитраттар нормасы |
Табылды |
Жүзім (Өзбекстан) |
60-тан артық емес |
67 |
Қызыл пияз (Қытай) |
80-нен артық емес |
98 |
Алмұрт (Қырығызстан) |
60-тан артық емес |
133 |
Ақ пияз (Қытай) |
80-нен артық емес |
122 |
Қарбыз (Қазақстан) |
60-тан артық емес |
400 |
Банан (Эквадор) |
90-нан артық емес |
207 |
Жасыл шабдалы (Қытай) |
60-тан артық емес |
148 |
Киви (Қытай) |
60-тан артық емес |
87 |
Киви (Қытай) |
60-тан артық емес |
111 |
Киви (Қытай) |
60-тан артық емес |
98 |
Киви (Қытай) |
60-тан артық емес |
91 |
Өрік (Өзбекстан) |
60-тан артық емес |
115 |
Жүзім кишмиш (Өзбекстан) |
60-тан артық емес |
72 |
Жүзім кишмиш (Өзбекстан) |
60-тан артық емес |
83 |
Қара жүзім (Өзбекстан) |
60-тан артық емес |
140 |
Қызыл жүзім (Өзбекстан) |
60-тан артық емес |
105 |
Қауын (Қазақстан) |
90-нан артық емес |
238 |
Анар (Түркия) |
60-тан артық емес |
129 |
Ананас (Монако) |
60-тан артық емес |
92 |
ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ www.nce.kz