Қостанай облысында құрамында фенол мөлшері көп ойыншықтар табылды
В Костанайской области обнаружены игрушки с повышенным содержанием фенола 20.07.2022

Өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу аясында ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Қостанай облысы бойынша филиалы балалар ойыншықтарының 40 үлгісін зерттеді.

Зерттеу нәтижесі бойынша екі сынамада фенолдың жоғары мөлшері анықталды.

Атап айтсақ, Қытайда өндірілген «Lovely baby» қуыршағы мен балаларға арналған юла. Олардағы улы заттың мөлшері рұқсат етілген нормадан 1,32 есе асып кеткен (қалыпты мөлшері 0,05 мг / дм3), бұл шырышты қабықтың тітіркенуіне және нәтижесінде улануға әкелуі мүмкін.

Зерттеу нәтижесінде анықталған деректерге байланысты бұл өнімдер талапқа сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілді (http://reestr-np.kz/rus/).

Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жеке кәсіпкерлерге: сәйкес келмейтін өнімді сатуға жол бермеу, оларды айналымнан шығару фактісін растайтын құжаттар ұсыну, орындау мерзімін көрсете отырып, оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттаманы ұсыну тармақтарымен бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберді.