ҰСО өрістер мен жеміс ағаштарын өңдеуде дрондарды қолдануды жоспарлап отыр
НЦЭ планирует использовать дроны при обработке полей и  плодовых деревьев 08.12.2022

Ұлттық сараптама орталығы филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша «Дезинфекция орталығы» ұшқышсыз аппараттарды пайдаланып, егістік алқаптарын, жеміс ағаштарын көптеген зиянкестерден өңдеп, күреседі.

«Агродрондармен өңдеу құны төмен және тиімділігі әлдеқайда жоғары. Бұл жай ғана суару және бүрку емес, өсімдікті қорғау құралдарын құрылымдалған, оңтайландырылған және сараланған қолдану болып табылады», - дейді филиал директоры Светална Уалиева.

Сондай-ақ, ол мұндай дрондарды қолданудың жоғары өңдеу жылдамдығы, өңделетін бетті кең қамту, препараттарды қолдану дәлдігі, дәрілік заттардың жұмыс ерітінділерінің анық ағыны, жетуге қиын жерлерді қамту, қол бүріккіштермен өңдеу кезінде егістіктерді дезинфекциялау құралдарымен таптаудың ауыр техника журе алмайтын жерлерді қамту секілді сияқты артықшылықтары бар екенін атап өтті.

Бұған қоса, дронды жаңбырдан соң үш сағаттан кейін ұшыруға болады, ал дәстүрлі жер бүріккіші әрқашан ылғалды алқапқа жете алмайты еді.