Осы жылдың басынан бастап Ұлттық сараптама орталығының зертханалары тұтыну тауарларының 116 үлгісін зерттеді, олардың ішінде балалар ойыншықтары, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары, парфюмерия және косметика, синтетикалық, жасанды маталардан, былғарыдан жасалған бұйымдар және т.б.
ҰСО мамандары 1 612 зерттеу жүргізді, зерттеудің барысында 145 сынама санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Балалар ойыншықтарын сараптау барысында 338 зертханалық зерттеу жүргізілді, олардың 37-сі сәйкес келмеді.
Тұрмыстық химия тауарларына 319 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 5-і сәйкес емес. Оң көрсеткіштердің ішінен сутегі көрсеткіші, белсенді хлордың массалық үлесі және таңбалау бойынша сәйкесіздік табылды.
Парфюмерлік-косметикалық құралдарға 311 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 4-і нормаға сәйкес емес.
Синтетикалық және жасанды маталар мен былғарыдан жасалған бұйымдарға (балалар киімі, балалар аяқ киімі және басқа да материалдар мен бұйымдар) 147 зерттеу жасалып, оның ішінде 31-і сәйкес емес.
Айта кету керек, негізінен сәйкессіздіктер өнімді таңбалауда. ҰСО мамандарының айтуынша, қаптаманың таңбалауында тауардың атауы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, өнімнің құрамы, өндіруші туралы ақпарат болуы керек. Бұл мәліметтер тұтынушылар үшін маңызды, өйткені олар өнімді сатып алу және пайдалану туралы ақпараттандырылған шешімдер қабылдауға көмектеседі және тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеді.