Тұрғын үй, әкімшілік ғимараттар мен өндірістік мақсаттағы объектілердің құрылысы дамып жатқан Жетісу облысында Ұлттық сараптама орталығының филиалы 2023 жылдың 9 айында құрылысқа арналған жер учаскелерінде радиация деңгейін анықтау үшін 9 147 өлшеу жұмыстарын жүргізді.
Талдықорған қаласының 67 нысанында радиологиялық тексеру жүргізілді. Көрсетілген кезеңде гамма-сәулеленуге барлығы 8 610 өлшеу және радон ағынының тығыздығына – 537 өлшеу жүргізілді. Тексеру барысында радиациялық көрсеткіштердің асып кетуі тіркелген жоқ.
Құрылысқа бөлінген жер учаскелерін радиациялық зерттеу радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Зерттеулер Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы санитарлық ережелерге сәйкес жүргізілетін құрылысқа арналған жер учаскелерінде радиациялық белсенділіктің артуын анықтау үшін орындалады.